Ақмолада кәсіпкерлік қанат жайды
Ақмола облысында кәсіпкерлік саласын дамытуға баса назар аударылып келеді. Бұл орайда екі қолға бір күрек табуға ұмтылып, кәсіпкерлікке бел буғандарға «Бизнестің жол картасы – 2025» сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының шарапаты тиген жобалар жүзеге асырылуда.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметтері бойынша өңірде «Бизнестің жол картасы – 2025» басталған уақыттан бері ғана жалпы сомасы 236,1 миллиард теңгенің 4138 жоба мақұлданған. Өткен жылғы деректер бойынша аталған бағдарлама есебінен 1685 жоба қолдау тауып, кәсіпкерлік өкілдіктері пайда болған. Негізінен шағын және орта кәсіпкерлік сала өкілдерін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, мемлекеттік гранттар ұсыну, өндірістік инфрақұрылымдарды жүргізуге мән берілген.